Решение 22.04.2022

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі

бірыңғай конкурс комиссиясы қорытынды отырысының

ХАТТАМАСЫ

№2

 

Кентау қаласы                                                                                                              22.04.2022 жыл.

         Сағат. 09:45

 

Қатысқандар: конкурс комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшысы.

Байқаушы: Мұрзанова Гүлдархан.

 

Күн тәртібінде:

 

Кентау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналастыру үшiн iрiктеуді іске асыру.

Жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 08.04.2022 жылы уәкілетті органның (www.qyzmet.gov.kz) және 08.04.2022 жылы Кентау қаласы әкімдігінің (www.е-kent.gov.kz) интернет-ресурстарында жарияланған конкурсқа қатысуға ниет білдірген төмендегі азаматтар құжаттарын тапсырды:

 

  1. Әби Қыдыржан Бауыржанұлы
  2. Оралбек Асылбек Қайратұлы

 

Кандидаттармен өткізілген әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленген. Сонымен қатар, әңгімелесу өткізу барысында байқаушы қатысты.

Бірыңғай конкурс комиссия жоғарыда көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттар ұсынған құжаттарымен және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалап, ашық дауыс беру жолымен,

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

Кентау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткер Оралбек Асылбек Қайратұлы ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы:

А.Өміртай

 

 

Комиссия мүшелері:

М.Абдиев

 

 

 

С.Ажигабылов

 

 

 

С.Нарбек

 

 

 

 А.Сейтметова

 

 

Комиссия хатшысы:

С.Сарқыт

 

Дата публикации
22 апреля 2022