
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша:
Тұрмысы жағынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) үкімет тарапынан басты әлеуметтік төлем түрлері қарастырылған: (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек және (ТҮ) тұрғын үй көмегі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларға (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленеді.
2019 жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар саны 1220 отбасы, оның ішінде 5943 адамды құрап, 1 млрд.теңге төленген.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен анықталып, халықтың әлжуаз топтарына тұрғын үй көмегі төлененуде. Облыс бойынша тұрғын үй көмегі 2019 жылдың 1 желтоқсанына 2830 отбасыға 72,6 млн. теңге көлемінде көрсетілді.