Меню
Түркістан облысы Кентау қаласы Байылдыр ауылы әкімі аппараты
Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты:
- ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
- Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
- ауыл әкiмi аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
- жергілікті атқарушы органдарынанқажеттi құжаттар, ақпараттар сұратуға, ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің құзыретiне жатқызылатын мәселелердi шешу;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
- қала әкiмдiгінiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға;
- бұқаралық ақпарат құралдарында ауыл әкiмi мен әкiмдiктiң қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз етуге.
- ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету; ауылда құқық реформасының, заңдылық пен құқық тәртібінің кешенді және динамикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің нормашығармашылық қызметін жетілдіру; ауыл әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптауды жүзеге асыру;
- ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің қызметін ақпараттық-аналитикалық талдауды қамтамасыз ету; ішкі саяси жағдайды, билік органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын талдау; қоғамдық пікірді зерделеу оның негізінде саяси-әлеуметтік жағдайдың дамуы болжанады; республикада, облыста және қалада жүргізілетін саясатты түсіндіру; ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және олармен өзара әрекеттесу;
- ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету; аппараттағы іс жүргізуді ұйымдастыру, қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжаттама ағынын талдау, мемлекеттік және орыс тілдерін қолдану; ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің актілерін, құжаттарын редакциялау, тиісті ресімдеу және орындаушыға жіберу, оларды бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау; құжаттардың мұрағаттық құндылығын сараптау, оларды тиісінше өңдеу және сақтау; титулдық бланкілер мен елтаңбалы мөрлерді тиісінше қолдану және сақтау; қызметкерлер персоналының жұмысында жоғары мәдениетті және құпиялық тәртібін қамтамасыз ету;
- ауыл әкімі, ауыл әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық, шаруашылық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету; ауыл әкімі аппаратына кіріп шығу режимін сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- осы ережемен көзделген өкілеттікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпарат, құжаттар және басқа да материалдар сұрау және алу;
- барлық қажетті ақпаратты сұрау және алу құқығына ауыл әкімі аппаратының басшысы ие болады;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
- мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
- шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2) Міндеттер:
- Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, қала әкімінің және әкімдігінің, ауылдық әкімнің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялары:
1) Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
- жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған ауылдың әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
- ауылдың, бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастықтың жиналысына ауылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
- ауылдың, бюджетін іске асыру туралы шешеімін қабылдайды;
- жергілікті қоғамдасытықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
- ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлікке басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- ауылдың, коммуналдық меншігіндегі меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
2) Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша;
- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілержің жобаларын әзірлейді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басөарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсызх не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгертужәне тарату туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлкеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
- мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
- мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, , ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, Володарский көшесі 2
1
Пресс центр
Направления
Полезные ссылки
Документы
Вакансии
Календарь событий
Телефоны экстренных служб
109
Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы
112
Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет
109
Костанай қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы
109
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы
1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1415
Бірыңғай медициналық байланыс орталығы
150
Психологиялық көмек қызметі
+7 (7172) 719-458
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сенім телефоны
112
Төтенше құтқару қызметі
111
Балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефоны
1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1300
Бірыңғай медициналық call-орталық
1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Услуги
Руководство
Бимұхамбетов Бекзат Әлібайұлы
Байылдыр ауылының әкімі
Телефон приемной:
8(725-36)4-22-21
E-mail:
b.bimukhammed@ontustik.gov.kz
Галерея
Слайды
Страницы
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал