GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 октября 2026
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Әрбір азамат өмір сүру барысында түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі дер кезінде көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту мәселесі Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым айрықша маңызға ие. Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде 400-ге жуығы жергілікті (облыстық) деңгейде жүзеге асырылып отыр. Осы орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру функцияларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері жүйелі түрде атқарады.
Департаменттің бақылау және тексеру іс-шаралары
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты түрде бақылау мен жоспарлы тексерулер жүргізіп келеді. Тексеру жұмыстары барысында заңнама талаптарының сақталуы қатаң назарға алынып, әкімшілік кедергілерді жою шаралары қабылданады. Атап өту қажет, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі. Аталған Қағиданың 3-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілуі тиіс. Сонымен қатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған талаптарды сақтауына салыстырып тексеру жүргізеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісінің есебін қамтамасыз етеді.
Анықталған заң бұзушылықтар мен қабылданған шаралар
Жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту деректері орын алған. Мәселен, қызмет алушылар тарапынан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» үшін тиісті өтініштер жолданған. Алайда, жауапты Бөлім тарапынан 2025 жылғы 6 наурызда аталған өтініштерге «ақпараттық жүйе қалыпты жұмыс істемеуіне байланысты бас тартылады» деген негізсіз уәжбен бас тарту жауаптары берілген. Тексеру барысында қызмет алушылар Қағидада көзделген қажетті құжаттар топтамасын толық көлемде ұсынғаны анықталды. Осы сияқты жүйелі сипат алған мәндес бұзушылықтар «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша 44 өтінішті қарау барысында жіберілгені белгілі болды.
Нәтижесінде, Департаменттің ықпалының арқасында осы 44 қызмет алушының бұзылған конституциялық және заңды құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Қорытынды
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әкімшілік кедергілерді жою және заңдылық қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету – бұдан былай да Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдардың қызметінде заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.
23 сентября 2026
КЕЛЕСТЕГІ 22 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ 4G СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА
Келес ауданында тұрғындарды сапалы ұялы байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін ауданның бірқатар елді мекен тұрғындары ұялы байланыс пен интернет сапасының төмендігіне байланысты өтініштерін білдірген болатын.
Тұрғындар көтерген бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан ұялы байланыс операторларына тиісті сұраныстар жолданып, нәтижелі келіссөздер жүргізілді. Келісім негізінде «Kcell» компаниясымен бірлесе отырып, аудан аумағындағы 22 елді мекенге жаңа базалық станциялар орнату жоспарланды.
Қазіргі таңда жоспарланған 22 нысанның 18-інде базалық станцияларды орнату жұмыстары белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, Абай ауылы, Құрылыс мөлтек ауданы, Аққорған, Амангелді, Жабайытөбе, Ұшқын, Достық, Қауыншы, Қоңыртөбе, Сарыжылға, Жетітөбе, Саңырау, Қаратал, Құйған, Ақжар, Көгерту, Жамбыл, Қошқарата және Тентексай елді мекендерінде байланыс нысандарын монтаждау іске асырылуда.
Ал қалған 4 базалық станцияның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру көзделген.
Жаңадан орнатылатын станциялар 4G технологиясы негізінде жұмыс істеп, тұрғындарға жоғары жылдамдықтағы интернет пен сапалы байланыс қызметін пайдалануға толық мүмкіндік береді.
Ауданның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және байланыс қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді
23 сентября 2026
КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Халықпен кері байланысты нығайту және әлеуметтік маңызы бар түйткілдерді жедел шешу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға тиісті құрылымдық бөлімдердің, дербес мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында Байтерек елді мекенінде спорттық-балалар инфрақұрылымын дамыту, «Алтын алқа» мемлекеттік наградасын рәсімдеу, жер заңнамасының талаптарын сақтау, «Абай» аудандық ауруханасындағы еңбек қатынастары және Жаңатіршілік ауылын ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік-коммуналдық жобаларды іске асыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын заң шеңберінде мұқият тыңдап, жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.
– Әлеуметтік түйткілдерді шешу тек үстіртін жауаппен шектелмей, нақты нәтиже беруі тиіс. Халық бізге құрғақ уәде емес, мәселенің шешілгенін көру үшін келеді.
Әрбір бөлім мен басқарма басшысы өзіне бекітілген сала бойынша тұрғындардың сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беруге міндетті. Әрбір істің орындалу барысын жеке өзім қадағалаймын, — деп атап өтті.
Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер тиісті бақылауға алынып, оларды шешудің нақты мерзімдері айқындалды. Әрбір өтініш иесіне заң аясында белгіленген жұмыс күні ішінде ресми жауап жолданады. Сауалдардың қаралу үдерісі аудан әкімінің жеке бақылауына қойылды.
23 сентября 2026
КЕЛЕСТЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
«WORLD CLEANUP DAY – Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық акциясы еліміздің барлық өңірінде қатар ұйымдастырылуда. Осы игі бастамадан Келес ауданы да тыс қалмай, бүгін аудан аумағында ауқымды тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық акцияға 3 мыңға жуық адам қатысып, көшелер, аулалар, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың аумақтары тазартылды. Жұмыс нәтижесінде 15 тоннадан астам қоқыс арнайы техникалардың көмегімен шығарылып, қоқыс полигонына жеткізілді. Акцияға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты және ағаш көшеттерін отырғызды.
– Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті қалыптасатын мәдениет. Бүгінгі шараның маңызы – айналамызды тазартумен ғана шектелмей, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру. Әр отырғызылған ағаш – келешекке жасалған игі қадам. Сондықтан егілген көшеттерді күтіп-баптап, олардың өсіп-жетілуіне жағдай жасауымыз қажет, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан аумағын көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Келестегі тұқымбақтан 10 мыңнан астам көпжылдық қара тал көшеті жеткізіліп, белгіленген аумақтарға отырғызылуда. Жалпы, биыл Келес ауданында көктемгі және күзгі ағаш егу маусымдары барысында 50 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Бұл жұмыстар елді мекендердің көркін арттырып, жасыл желек көлемін ұлғайтуға бағытталған.
23 сентября 2026
КЕЛЕСТІКТЕРДІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 19 қыркүйек күні Келес ауданында «WORLD CLEANUP DAY – Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық акциясы өтеді.
🧹 Іс-шара барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен скверлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың аумақтары қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізіледі.
📅 19 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Сағат 09:00-ден бастап
Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Келес ауданын таза әрі көрікті етуге бірге атсалысайық!
Барша аудан тұрғындары мен қонақтарын экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз! 🌿
22 сентября 2026
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Әрбіразаматөмірсүрубарысындатүрлімемлекеттіккөрсетілетінқызметтерментығызбайланыстаболады. Сол себептімемлекеттікқызметтердісапалыәрі дер кезіндекөрсету – мемлекет пен қоғамныңөзаратиімдііс-қимылыныңмаңыздықұрамдасбөліктерініңбірі. МемлекеттікқызметтердіұсынусапасынарттыруарқылыхалықтыңмемлекеттікоргандардыңқызметінедегенсеніміннығайтумәселесіМемлекетбасшысыныңжылсайынғыЖолдауларындаәрдайымайрықшамаңызғаие. Бүгінгітаңдаелімізде 1323 мемлекеттікқызметтүрікөрсетілсе, оныңішінде 400-ге жуығыжергілікті (облыстық) деңгейдежүзегеасырылыпотыр. Осы орайда, мемлекеттіккөрсетілетінқызметтердіңсапасынқадағалау, көрсетілетінқызметтіалушылардыңбұзылғанқұқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерінқорғаужәнеқалпынакелтіруфункцияларынҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікқызметістеріагенттігі мен оныңаумақтықдепартаменттеріжүйелітүрдеатқарады.

Департаменттіңбақылаужәнетексеруіс-шаралары

ҚойылғанміндеттердііскеасырумақсатындаҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріагенттігініңТүркістаноблысыбойыншадепартаменті (бұданәрі – Департамент) өзқұзыретінесәйкесмемлекеттікқызметтеркөрсетусапасынатұрақтытүрдебақылау мен жоспарлытексерулержүргізіпкеледі. Тексеружұмыстарыбарысындазаңнаматалаптарыныңсақталуықатаңназарғаалынып, әкімшіліккедергілердіжоюшараларықабылданады. Атапөтуқажет, «Жылжымайтынмүліккеқұқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттіктіркеу» мемлекеттікқызметінкөрсетутәртібіҚазақстанРеспубликасыӘділетминистрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығыменбекітілгенҚағидаларменреттеледі. АталғанҚағиданың 3-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттікқызметтікөрсетудіңнәтижесіболыпжүргізілгенмемлекеттіктіркеутуралыхабарламанемесемемлекеттікқызметкөрсетуден бас тартутуралыдәлелдіжауапберілуітиіс. Соныменқатар, Қағиданың 6-1-тармағына сәйкес, сәулетжәнеқалақұрылысысаласындағыфункциялардыжүзегеасыратынжергіліктіатқарушыоргандаркөрсетілетінқызметтіберушіденқұжаттардыалғансәттенбастапбіржұмыскүніөткенгедейінтапсырысберушініңқұрылыссалудыұйымдастыружәнерұқсат беру рәсімдеріненөтуқағидаларындаайқындалғанталаптардысақтауынасалыстырыптексеружүргізедіжәнемемлекеттікқалақұрылысыкадастрыныңақпараттықжүйесіарқылыпайдалануғақабылдауактісініңесебінқамтамасызетеді.

Анықталғанзаңбұзушылықтар мен қабылданғаншаралар

Жүргізілгенталдаужұмыстарыкөрсеткендей, жекелегенмемлекеттікоргандартарапынанқызметкөрсетукезінденегізсіз бас тартудеректеріорыналған. Мәселен, қызметалушылартарапынан «Жылжымайтынмүліккеқұқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттіктіркеу» үшінтиістіөтініштержолданған. Алайда, жауаптыБөлімтарапынан 2025 жылғы 6 наурыздааталғанөтініштерге «ақпараттықжүйеқалыптыжұмысістемеуінебайланысты бас тартылады» дегеннегізсізуәжбен бас тартужауаптарыберілген. ТексерубарысындақызметалушыларҚағидадакөзделгенқажеттіқұжаттартоптамасынтолықкөлемдеұсынғаныанықталды. Осы сияқтыжүйелісипаталғанмәндесбұзушылықтар «Жылжымайтынмүліккеқұқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттіктіркеу» қызметібойынша 44 өтініштіқараубарысындажіберілгенібелгіліболды

Нәтижесінде, Департаменттің ықпалының арқасында осы 44 қызмет алушының бұзылған конституциялық және заңды құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Қорытынды

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әкімшілік кедергілерді жою және заңдылық қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету – бұдан былай да Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдардың қызметінде заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістаноблысыбойыншадепартаментініңбасшысы,

Әдепжөніндегікеңестөрағасы

 

16 сентября 2026
КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ
Келес ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Маңызды басқосуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов және Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысты.
Жиынға ауылдық округ әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары мен орынбасарлары, іс жүргізуші мамандар және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында Ержан Қарымсақов мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, Заңда қарастырылған өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне назар аударды.
Өз кезегінде аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев мемлекеттік қызметші үшін ең басты талап – халық алдындағы жауапкершілік пен кәсібилік екенін атап өтті.
— Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын сақтап қана қоймай, халықпен ашық әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Тұрғындардың сенімі – мемлекеттік қызмет сапасының басты көрсеткіші. Сондықтан әрқайсымыз өз міндетімізге жауапкершілікпен қарап, қызметтік әдепті қатаң сақтауымыз керек, – деді аудан әкімі.
Жиын соңында қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың талаптарын күнделікті қызмет барысында басшылыққа алу қажеттігі айтылды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы 2026 жылғы 19 мамырда қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Жаңа Заң мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге және халыққа бағдарланған тиімді мемлекеттік қызмет қалыптастыруға бағытталған.
16 сентября 2026
ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 23 ТҰЛҒА ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Келес ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейд барысында саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп шоғырланатын қоғамдық аумақтар араланып, тазалық талаптарын бұзудың 18 фактісі анықталды.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар аумақтарында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 23 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
16 сентября 2026
КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.
Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың аумақтары және басқа да бекітілген аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – баршамызға ортақ іс. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Таза орта – сапалы өмірдің кепілі. Сондықтан тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз керек, — деді Мақсат Мырзамұратов.
Ауқымды экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, таза әрі көрікті Келесті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
16 сентября 2026
ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: ӘР ТАПСЫРМА НАҚТЫ НӘТИЖЕМЕН ӨЛШЕНУІ ТИІС
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын, Қошқарата және Ақтөбе ауылдық округтерінің әкімдерін қабылдап, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын тыңдады.
Жиында ауылдық округтердегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, ауыз су, табиғи газ, жол, электр желілері, әлеуметтік нысандар құрылысы, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды.
Ұшқын ауылдық округінің әкімі округтегі газдандыру, ауыз су, жол жөндеу және кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, Достық және Қоралас ауылдарын табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, ауыз су жүйелерін жаңарту, көшелерді жөндеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Округте инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылған.
Қошқарата ауылдық округінде денсаулық сақтау нысандары пайдалануға беріліп, спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ каналдарды механикалық тазалау, ішкі жолдарға шағал төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын ірі қойма мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.
Ақтөбе ауылдық округі бойынша білім беру, ауыз су, электр желілері және жол инфрақұрылымына қатысты жобалардың барысы баяндалды. Бірқатар елді мекендерде ауыз су жүйелері іске қосылып, жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Сонымен қатар, ирригациялық каналдарды тазалау, төтенше жағдайлардың алдын алу және елді мекендердің ішкі жолдарын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Есеп барысында аудан әкімі бірқатар тапсырмалардың орындалуы мен кейбір жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды. Жәнібек Ағыбаев ауылдық округ әкімдеріне тапсырмаларға салғырт қарамауды, белгіленген жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды қатаң ескертті.
— Әрбір берілген тапсырманың нақты мерзімі мен нәтижесі болуы керек. Тұрғындар көтерген мәселелер уақытында шешілуі тиіс. Жоспарланған жұмыстар қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты орындалуы қажет. Ауыл әкімдері өз аумағындағы мәселелерге жауапкершілікпен қарап, жұмысты күшейтуі керек, — деді аудан әкімі.
Жиынды қорытындылаған Жәнібек Ағыбаев инфрақұрылымдық жобалардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ елді мекендердегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы