КЕЛЕС АУДАНДЫҚ СОТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КЕЛЕС АУДАНДЫҚ СОТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Келес аудандық сотының төрағасы лауазымына Ізбасаров Қайрат Болатұлы тағайындалды.
Жаңа төрағаны аудан активіне Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев таныстырып, оның сот жүйесінде үлкен тәжірибеге ие екенін атап өтті.
— Ауданда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – біздің басты бағытымыз. Осы жолда кәсіби білікті басшының келуі үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Бірлесіп жұмыс істеуге және қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Сонымен қатар, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Аппас Абзал тағайындау туралы ресми мәлімет беріп, жаңа төрағаның еңбек жолына тоқталды.
— Ізбасаров Қайрат Болатұлы – сот саласында жауапты қызметтерді атқарған, адалдығымен және әділ шешімдерімен танылған маман. Келес аудандық сотының жұмысына жаңа серпін береді деп сенемін, – деді ол.
Өз кезегінде Қайрат Болатұлы көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта сот төрелігінің