Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы м.а. А.Бектұрғановпен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау(әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Келес ауданы әкімдігінде ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқықбұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралы арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8 (700)3250560