Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының               9)-тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының                       2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысының негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Дарбаза – Өзбекстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісін салу жобасы үшін Түркістан облысы, Келес ауданында орналасқан жер учаскелерін осы қаулының қосымшасына сәйкес, ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте емес мерзімде, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер пайдаланушының келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орны Келес ауданының әкімдігі болып айқындалсын.
  3. Келес ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі                                                                                    Н.Көшеров



З.С.Жолдасов

Е.Ә.Дауылбаев

Е.К.Алтаев

Қ.Ә.Қайыпбек

Т.Ж.Козбеков

Н.Ә.Тұрашбеков

 

 

Түркістан облысы әкімдігінің

2026 жылғы «06» ақпандағы

№ 45 қаулысына

қосымша

 

 

«Дарбаза – Өзбекстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісін салу жобасы үшін Түркістан облысы, Келесаумағында орналасқанмемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

 

№ қ/с

Жер иеленуші, пайдаланушы

 

Кадастр

лық номері

Жалпы жер көлемі, га

Иеліктен шығарыла

тын жер көлемі, га

Нысаналы мақсаты

1

Даулетияров Бауыржан Мусаханович

19326087097

30,0

1,1645

тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

2

Найманбаев Курбанали Бердикулович

19326087012

38,0

0,8115

тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

3

«Д.Байгожа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19326087168

35,0

0,8547

тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Жалпы, га

103,0

2,83

 

Дата публикации
11 февраля 2026