2020 жылдың 9 қарашадағы сағат 16.00-де Келес ауданының әкімдігі ғимаратында өткен Келес ауданындағы мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы (сауда-саттықтың) конкурсының нәтижесі туралы.

Конкурс қорытындыларын шығару туралы 2019 жылдың 7 қазандағы №2 хаттамасымен Келес ауданындағы мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты сауда-саттықтың конкурс нысаны арқылы беру үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жер комиссиясы мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

23-лот бойынша Ақтөбе ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 30 га суармалы жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Парманов Шадияр Умиркулович танылсын.

19-лот бойынша Жамбыл ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 195 га жайылым жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Умаров Нуржан Ташимбаевич танылсын.

34-лот бойынша Ошақты ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 2,95 га суармалы егістік жер учаскесін жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Косжанов Нурлан Жусипович танылсын.

6-лот бойынша Қошқарата ауылдық округі аумағынан шаруа қожалығын жүргізу үшін 4,3 га суармалы егістік жер учаскесін өтеулі ұзақ 10 жылға жалға беру туралы конкурстың жеңімпазы болып Исабаев Абдикали Пердебаевич танылсын.

Дата публикации
25 ноября 2020