Мемлекет мұқтажы үшін алып
қоюға байланысты жер учаскесін
немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 84-баптарына, «Мемлекеттік
мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69-баптарына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және
Біртілек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы №782 санды хатына
және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2025 жылғы
2 желтоқсандағы №906 санды хаты негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі Көлтоған елді мекенінің ортак
пайдаланудағы объектісі (мини стадион) құрылысын жүргізу мақсатында
мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін Картабаева Ибакуль
Абдуталиповнаның тұрғын үй және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу
үшін берілген алаңы 0,10 гектар (кадастрлық №19-326-050-204) жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Жер учаскесі Біртілек ауылдық округі Көлтоған елді мекенінде орналасқан.
2. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесінің иесіне жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама
алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы,
Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №86 үй ғимаратта орналасқан «Келес
ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісім рәсімдерін
жүргізу үшін өтініш білдіру ұсынылсын.
3. Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесінің иесіне жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару меншік иесі немесе
мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін
мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап
үш айдан кешіктірілмей өткізілсін.
4. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне қолданыстағы заңнамаға
сәйкес осы қаулыда көрсетілген жер учаскесіне қатысты қажетті шараларды
қабылдау тапсырылсын.
5. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
С.Джилкибаевқа жүктелсін.