«Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Абай елді мекенінің бас жоспарын әзірлеу»

КІРІСПЕ

 

«Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай елді мекенінің бас жоспарын әзірлеу» жоспары, қазіргі Түркістан облысының Келес ауданы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 698 және 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 69 шартқа сәйкес «Қолдау» ЖШС-мен «Сарыағаш ауданының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен бірге орындалған.

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының бас жоспарын әзірлеу үшін топографиялық негіз - «Қолдау» ЖШС-мен  орындалған Келес ауданы Абай ауылы аумағында бедер қимасы 0,5 м биіктіктен түсірілген 1:2000 масштабтағы топографиялық суретке түсіру болып табылады. Координата жүйесі  - шартты, биіктік жүйесі – Балтық. 2017 жылдағы жағдайы бойынша мәліметтер бастапқы деректерді жинау және ауылдың аумағын нақты тексеру арқылы нақтыланған. 

Бұдан басқа ауылдың бас жобасын әзірлеу кезінде елді мекеннің қала құрылысы жүйесінің қазіргі жай-күйі, аумақты жобалауды ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық кешендер, демографиялық және тұрғын үй саясаты, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, инженерлік-техникалық инфрақұрылымдар мен қалыптасқан экологиялық жағдайлар бойынша талдаулар жасалған.

Абай ауылының бас жоспарын әзірлеу барысында «Сарыағаш ауданының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, Сарыағаш ауданының мүдделі қызметтері, бөлімдері мен бөлімшелері ұсынған бастапқы деректер пайдаланылды.

Бас жоспарды негіздеуде елді-мекенде қала құрылысын дамытудың аумақтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын сипаттайтын талдау және болжау материалдары аса маңызға ие. Онда аудан орталығын дамытудың өзара байланысы, экономикадағы құрылымдық өзгерістер үрдісі мен халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі сұрақтар қарастырылған, қала құрылысын дамыту, аумақты функционалды аумақтандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылым бағыттары ашылған.

Заңнамалық негізде бас жоспарды әзірлеу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 ж. 16 шілдедегі № 242-II ҚР Заңына, Астана, Ақорда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 ж. 28 қазандағы № 366-V ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) (Заңның 61-бабы қала аймақтарының жекелеген учаскелерінің қала құрылысын игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіпті аймақтарды жоспарлау және құрылыс салу жобалары ағымдағы бас жоспардан алынған) 7-бабының 5)-тармағына сәйкес, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарымен толықтырылған), ҚР ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулығына», ҚР ЕЖ 1.02-110-2013 «Жобалаудың ұзақтығы» (1.3-тармақша, 1-тармақ және 38-кесте - ТЖЖ кезеңінде қала құрылысы жобасын әзірлеу ұзақтығы),  ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу», ҚР ЕЖ 1.02-101-2014  «Құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық іздестіру» сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттамаларына сәйкес әзірленген тиісті нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылды.

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің бас жоспарын әзірлеу есептік мерзімде жетілдіріледі. Елді-мекеннің бас жоспары жобасында төмендегідей жобалау мерзімдері қабылданған:

- бастапқы жыл – 01.01.2018 ж.;

- бірінші кезек – 2025 ж.;

- есептік кезең – 2037 ж.

 

 

 

Дата публикации
03 октября 2025