Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының                    14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                              4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1.Түркістан облысы, Келес ауданы №16 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.

2.Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3.Осы қаулы Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Келес келбеті» газетінде жариялансын.

 

Дата публикации
27 августа 2025