Абай ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Келес ауданы Абай ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Келес ауданы Абай ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Абай ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 12715 азамат енгізілді, олардың 8175 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұманов А.Ж. – 6039; Мархабай Б.Ә. – 1052; Молданов А.И. – 940; «Барлығына қарсы» –46.

1994 жылы туылған, Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Жұманов Асылбек Жақсылықұлы Абай ауылы әкімі болып сайланды.

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025