Абай ауылы 13.06.2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізілген бақылау объектілерінің атауы:
«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Ішкі талдау жүргізу туралы шешім:
Келес ауданы әкімінің 08.04.2025 жылғы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №206н-қ өкімі.
Ішкі талдау жүргізген жауапты орындаушылардың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы:
Б.Абдрахманов - Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмысшы топтың жетекшісі;
С.Жолдыбаев - Келес ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы;
Т.Искендеров - Келес ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы;
Е.Ибраимов - Келес ауданы әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы;
Е.Иляс - Келес ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесі басшысының міндетін уақытша қоса атқарушы;
Н.Айткулов - Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің бас инспекторы;
А.Муналов - Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Сарапшылар мен қоғамдық ұйым өкілдері тартылған жоқ.
Ішкі талдау жүргізілген күні, орны және кезеңі:
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы.
Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 21.04.2025 – 04.06.2025 жыл.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жыл және 2025 жылдың өткен кезеңіндегі қызметі.
Жоғарыда көрсетілген дербес бөлімдерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) жалпы 7 мемлекеттік мекеменің штат кестесінде 40 мемлекеттік қызметші бар.
Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар (дербес бөлімдер) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Бөлім туралы бекітілген ережені басшылыққа алады. Дербес бөлімдер қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – Ішкі сауда қағидасы) сәйкес аудан әкімдігінің құзіретіне аудан аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту жатады.
Осыған байланысты, аудан әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №301 «Келес ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысы(Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда №6417-13 болып тіркелген)қабылданған.
Ішкі сауда қағидасының 73-тармағына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлуді жергілікті атқарушы органдар ішкі сауда субъектілерінің өтінімдері бойынша конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең бойынша конкурс шарттарына сәйкес келген өтінімдер қарау қорытындылары бойынша екінші кезеңге жіберіледі. Осы екінші кезеңге жіберілген өтінімдер екінші кезеңде жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24803 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес сауда-саттықты (аукционды) өткізеді.
Демек жергілікті атқарушы органдардың стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлудің бірінші кезеңі бойынша өтінімдер салалық орталық атқарушы орган тарапынан нақты үлгілік конкурс шарттарымен бекітілмегендіктен сәйкес келу өлшемшарттарды қалауы бойынша белгілеуге алып келеді. Бұл дегеніміз нақты бекітілген талап болмағандықтан өтінімдердің конкурс шарттарына сәйкестігін қалауына қарай қарауына алып келуі сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүмкіндігін арттырады.
Ұсыныс: Жергілікті атқарушы органдардың стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлудің бірінші кезеңі бойынша бірыңғай өтінімдерге қойылатын конкурс құжаттамасы талаптарын белгілеу үшін облыстық әкімдік арқылы тиісті орталық атқарушы органға ұсыныс хат жолдау.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілерін жол бермеу тапсырылған. Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) мемлекеттік мекеме басшысымен туысқандық қарым-қатынасы бар тұлғалардың бір мекемеде жұмыс істеу фактілері орын алмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерлерді бұзу жайттары болмаған.
Барлық қызметшілердің жеке істері толық рәсімделген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тарапынан жыл сайын мүлік пен кіріс туралы декларацияны тапсырмау фактісі орын алмаған.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары бойынша дербес бөлімдердегі басшылық лауазымдары мекемені ұйымдастырушылық-басқарушылық пен қаржы шаруашылық істері бойынша шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болуына қарай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары қатарына жатқызылады.
Қосымша тізім қоса беріледі.
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) мүдделер қақтығысы жайттары орын алмаған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осы ретте, дербес бөлімдер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге зерделеу барысында төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындауы мүмкін.
Ұсыныс: «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті қабылдау бойынша облыстық әкімдік арқылы тиісті орталық атқарушы органға ұсыныс жолдау;
Осы жоғарыда аталған Қағидадағы жақын туыстарынан (жұбайынан(зайыбынан) делінген мағына Кодекстегі жақын туыстар деген анықтамада жұбайы/зайыбы көрсетілмеген. Бұл дегеніміз ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тұрғын үй сатып алу үшін берілген бюджеттік кредитке Қағидада жақын туыстарынан (жұбайынан(зайыбынан) делінгендіктен жұбайының ата-анасынан, аға-інілерінен, апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелерінен жалпы алғанда жұбайынан бастап оған қатысты жақын туыстарынан тұрғын үй сатып алу құқығын шектеуі мүмкін.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кодекстері Қазақстан Республикасының заңдарынан, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарынан жоғары тұрады.
Осыған байланысты, Кодекс пен Қағидада жақын туыстар терминінің мағынасы сәйкес келмеуі дипломмен ауылға бағдарламасы қатысушыларының тұрғын үйді сатып алуы кезінде мемлекеттік қызмет көрсетушінің қалауына қарай қызмет алушының пайдасына немесе бас тарту үшін негіз болып табылатындықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүмкіндігін тудырады.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының 4-тармағының екінші абзацындағы жақын туыстары ұғымын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасында жақын туыстар ұғымына сәйкес келтіру үшін облыстық әкімдік арқылы тиісті орталық атқарушы органға ұсыныс енгізу.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша
«Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
-Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
-Ғимараттарды, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, реставрациялау және күрделі жөндеу) туралы шешім қабылдау;
-Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру.
«Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
-Үлескерлер ақшасын тартуға рұқсат беру;
-Ағаштарды кесуге рұқсат беру.
«Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
-Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.
«Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
-Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру;
-Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту.
Аудан әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) бақылау-тексеру функциялар жоқ.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша
Мемлекеттік сатып алу бойынша сатып алу жоспарының мемлекеттік сатып алу порталында уақытылы орналастырмаудың Келес ауданы бойынша 2024 және 2025 жылдары болмаған.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі тарапынан ауданда жарияланған мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсына 2024 жылы 5 хабарлама келіп түскен, хабарламада мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою деп танылған. Ал, 2025 жылға 4 хабарлама келіп түскен, хабарламада мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою деп танылған. Хабарламалар келіп түскеннен бастап уақытылы орындалған.
Мемлекеттік сатып алу саласында келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушардың тізіміне енгізуде сотқа талап арыз беру мерзімін өткізіп алу, осындай талап арыз бермей тек қана келісімшартты біржақтама бұзу жайттары кездесуде.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарына сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтерді орындауда жеңімпаз деп танылып, келісімшарт түзген әлеуетті өнім берушілердің өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жайттарының алдын алу мақсатында «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімінен кешіктірмей келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және айыппұл өндіру бойынша мерзімін өткізбей сотқа талап арыз беру қажет.
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарына сай барлық дербес бөлімдер міндеттемелерін орындамаған өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы экономикалық сотқа уақытылы талап арыз беру жұмыстарын назарда ұстағаны жөн.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарына түсіндіру және барлық дербес бөлімдерге міндеттемелерін орындамаған өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы экономикалық сотқа уақытылы талап арыз беру жөнінде құқықтық оқулар өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен келесідей тәуекелдер анықталған:
«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерінің атына корпоративтік банктік есеп шот ашылған.
Аталған шотты бөлімге қатысты спорттық іс-шараларға, облыстық спорттық ойын түрлерінен жарыстарға қатысу үшін спортшыларды апару кезінде іс-сапар шығындары төленеді.
Осы тұста, іс-сапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болатындығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іс-сапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болуы мүмкін.
Ұсыныс: Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау.
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер болып табылмайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша Жалпы аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 405 өтініштер келіп түскен. Тыңдау өтпеген өтініш – 1. Өтініштерді қарау бойынша шағымдар түспеген.
Ал, 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан 146 өтініштер түскен. Тыңдау өтпеген өтініш – 1. Өтініштерді қарау бойынша 6 шағымдар түскен.
2024 жыл мен 2025 жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың мерзімі бұзылмаған. Қарау өкілеттігіне кірмейтін жолданымдарды құзіретті мекемелерге жолдаудың мерзімін өткізіп алу орын алмаған. Дегенмен ӘРПК талаптары сақталмай ауырлық салатын әкімшілік акт қабылданып, тыңдау өткізілмеу, қабылданған әкімшілік актілерге қайта шағымдану жайттары кездеседі.
Ұсыныс: Барлық дербес бөлімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын қатаң сақтау бойынша аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде тұрақты құқықтық оқулар өткізу ұсынылады.
Жұмыс тобының жетекшісі:
Аудан әкімі аппараты басшысы Б.У.Абдрахманов
Жұмыс тобының мүшелері:
Аудан әкімі аппаратының
ақпараттандыру және мемлекеттік
қызмет көрсету мониторингі
бөлімшесінің басшысы СЛ.Жолдыбаев
Аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру бөлімшесінің
басшысы Т.С.Искендеров
Аудан әкімі аппаратының
заң бөлімшесінің басшысы Е.Ж.Ибраимов
Аудан әкімі аппаратының персоналды
басқару қызметі (кадр қызметі)
бөлімшесінің бас инспекторы Н.М.Айткулов
Аудан әкімі аппараты жалпы
және әкімшілік бөлімшесінің
басшысының м.у.қ.а Е.Н.Иляс
Ауданның экономика және қаржы
бөлімінің басшысы А.А.Муналов