КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 29 маусымдағы отырысында Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі ретінде;
1990 жылы туылған, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ, Адилханов Ерлан Мырзабаевичті тіркеді.