Жузімдік ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусымда Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жүзімдік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2310 азамат енгізілді, олардың 1588 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ботбаев С.С. – 1218; Қоханбай Б.Е. – 207; Лесбаев А.Е. – 147; «Барлығына қарсы» –4.
1971 жылы туылған, Жүзімдік ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Келес ауданы, Жүзімдік ауылының тұрғыны, Өзін-өзі ұсынылған Ботбаев Сабит Сыдыкович Жүзімдік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы