Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусымда Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2579 азамат енгізілді, олардың 1635 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Карынбаев Е.Н. – 177; Рахимов А.К. – 78; Серикбаев А.Ж. – 1367; «Барлығына қарсы» –8.
1984 жылы туылған, Бірлік ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Келес ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Серикбаев Абдужамил Жакбаевич Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы