Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусымда Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3239 азамат енгізілді, олардың 2147 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Адилханов Е.М. – 1874; Бижигитов Г.У. – 118; Жаксыбаев А.А. – 133; «Барлығына қарсы» –9.
1990 жылы туылған, Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Адилханов Ерлан Мырзабаевич Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы