Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 4 ҚАУЛЫСЫ
Абай ауылы 2025 жылғы 04 маусым
Келес ауданы Абай
ауылы әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Абай ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 05 маусымынан басталсын.
- 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Абай ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Келес келбеті» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Отешов
Хатшы М.Мамаев