«БЖЗҚ» АҚ-ның жыл басынан бері ұсынған қызметтерінің 98%-ы цифрлық режимде көрсетілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларынқолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрдежалғастыруда. 01.01.2025ж. мен 01.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызметкөрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9,1 млн-нан астамыэлектрондық форматта, 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты,электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады.Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 343,0 мың қызмет көрсетті, оның ішінде334,9 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кездеавтоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасыныңқатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуынәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға"бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлерібойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 718,1мыңға жетті.Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналыжинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында.Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 10,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 8,3млн астамы – электрондық, ал 1,4 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйінеқатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың еңыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді,бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес,сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы даалуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланғаназаматтарға өте қолайлы.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жекекабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу,шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқабелгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерінтағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ,зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельдібасқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегіменболашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7режимінде қолжетімді.2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 50,1 мыңнан астам өтінішқабылданып, оның 46,8 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды.БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар,әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіружұмыстары аясында 15,8 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 332,5мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 15,3 мыңнанастам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерініңсаны шамамен 205,4 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақыжүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасыарқылы хабарласу қажет.«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Дата публикации
03 июня 2025