Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының
көлемі 23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты.
2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%.
Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша
жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе
бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына
374,30 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі
кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2025 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына түскен
зейнетақы жарналарының мөлшері – 1,03 трлн теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 20,8%
немесе 177,82 млрд теңге).
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025
жылдың 1 мамырына 852,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ
көлемі 12,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 46,47 млрд теңге (өсім - 20%), ЕЗЖ – 1,05 млн теңге (өсім –
7,3%) түсті. 2025 жылдың 4 айында ЖМЗЖ 133,86 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 4 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған
төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 525,25 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр
жасалған төлемдер көлемінен 2 есе дерлік немесе 239,79 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған
біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 307,34 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,75% ұлғайып, 01.05.2025ж.
80,53 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық
төлем – 35 686 теңге.
Жыл басынан бастап 01.05.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 23,10 млрд теңге, ҚР-дан тыс
жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 12,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,08 млрд
теңге, жерлеуге – 3,60 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 97,39
млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы
саны 17,52 млн. бірлік (жыл бойғы өсім 1,51 млн бірлік немесе 9,4%). Бұл ретте
салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 мамырына 12,55 млн
бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 733,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 448,61
мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ
туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,97 млн бірлік
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
 
 
БАҚ-пен байланыс press@enpf.kz
Ресми сайт www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика
және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
Дата публикации
03 июня 2025