Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар1) Фрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме,олардың жарна мөлшері қалай есептеледі?Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ)агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасындаайқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын(есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметіншетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзегеасыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады.МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді: жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары,олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өзпайдасына төлей алады;Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтінтабысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтынтабыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа даміндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшінайқындалатын табыстан аспауы тиіс.Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалықбюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенгенмөлшерінен аспауға тиіс.Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңда сол жылғабелгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ныреспубликалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы; салық агенттері болып есептелмейтін жеке тұлғалармен жасалған, нысанасыжұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтықсипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағындатұрақты тұратын жеке тұлғалар.Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табыстықоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы.Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттітөлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшінайқындалатын табыстан аспауы тиіс.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңдасол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсетунемесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және(немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылыжүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторыарнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР)қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК) кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын(МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖмөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖесептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауыбойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардыңкөрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.
Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген
орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оныңішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттықтехнологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық,ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызметкөрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырыпжұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымшапайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткенқызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы.Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджеттуралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшеріненаспауға тиіс.2) Фрилансерлер зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін БЖЗҚ-да шоттықалай аша алады?Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптікзейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшінБЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі.Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіружарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілгендербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жекетұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақтытұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардыңтиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесінебарудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шотавтоматты түрде ашылады.ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚсайтында орналастырылған.3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақыжинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтантәулік бойы (24/7) ұсынылады.Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильдіқосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлыболып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атапайтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойыншажинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақыжарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралғанкезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өздеректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтамаалу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтердіпайдалануға мүмкіндік бар.Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақтаалғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруғакөмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануғаболады.
Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz
электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы даалуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуғадағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы.4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұлжарналардың артықшылықтары қандай?- Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақықорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақыжарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін,жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдардыекінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚсалымшылары үшін тиімді әдіс.Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы,жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмағанбалаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оныңжеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр.ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудыңқажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШалғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады.Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлерісияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельдібасқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемдесеніп тапсыруға болады.Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады.Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақыкапиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негізбола алады.5) Фрилансерлердің зейнетақы жинақтары инвестициялана ма?Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердіңзейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақмерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерінобъективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндаймерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндікбереді.Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компанияайналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "СентрасСекьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңызбойынша таңдай аласыз.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтеріорналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы(www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланыпотырады.