Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың (дербес бөлімдер) 2024 жыл және 2025 жылдың өткен кезеңіндегі қызметіне ішкі талдау жұмыстары 2025 жылдың 21 сәуір мен 4 маусым аралығында жүргізілуде.
Алдын ала талқылау жиыны аудан әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша өтті.
Жиынға ауданның дербес бөлімдері, ауылдық округі әкімдері және Келес ауданы «Аманат» партиясы өкілі қатысты. Жиын барысында ішкі талдаудың алдын ала анықтамасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге алып келуі мүмкін бағыттарға тоқталып, алдын алу шараларын қабылдау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті зерделеу жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады. Нәтижесінде қалыптастырылған анықтамадағы тәуекелдер бойынша қажетті іс-шара жоспары түзілетін болады.