Келес ауданы тұрғындарының өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Қосымша

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

1

"Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен–ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек?

«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыруға болады.

2023 жылдан бастап, жоба толықтай цифрлық форматқа ауыстырылды. Енді құжаттарды «Отбасы банк»-тің otbasybank.kz порталында тапсыру қажет. Бұл арқылы өтініш беру процесі жеңілдетіліп, азаматтардың түрлі мекемелерге бару қажеттілігі жойылды .

 

 

2

Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?

Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді.

Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтінішті уақтылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды.

 

 

3

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады?

 

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.

 

 

4

Маман туыстарынан тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитті пайдалана ала ма?

 

Жоқ, пайдалана алмайды.

Бұл проблеманы жергілікті атқарушы органдар бірнеше рет көтерді. Біз жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салу жөніндегі норманы енгіздік.

 

Бұл норма шын мәнінде тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал ететін болады.

 

 

5

«Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жер мәселесі

Жер учвскечін беру ҚР-ның Жер кодексінің 48 бабына сәйкес жүргізіледі.

Жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты, оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қойылған жер учаскелері туралы мәліметті сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жасайды және оны сауда-саттық өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында жариялайды. Осы конкурсқа Қазақстан Республикасының әр бір азаматы немесе азаматшасы қатысушы ретінде тіркелуге құқылы.

 

 

6

"Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ауыл шаруашылық және жол құрылыс техникаларын есепке алу және есептен шығару.

 Ауыл шаруашылқ және жол құрылыс техникаларын тіркеу немесе есептен шығару Электронды үкімен порталы арқылы өтініш жібере алады.

https://elicense.kz/

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 25 мамырдағы № 677 және "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 25 мамырдағы № 681 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы.

 

 

7

"Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курорт санатория

Кезекке тұру және жолдама беру кезектілікке сәйкес қамтамасыз етіледі

Сізге ІІ-топ мүгедектігі бар азаматша ретінде оңалту жеке парағыңызда Санатория курортық емдеу көрсетілмеген. Сіз жергілікті тіркелген емханаңызға барып, форма 031/у нысанының оңалту жеке бағдарламасынаСанатория курорттық жолдама алу мақсатында, рәсімдеуіңіз қажет.

Мүгедектігі бар азамат форма 031/у нысанын МӘС (мемлекеттік әлеуметтік сараптама) бөліміне тапсырған күні жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді, ОЖБ-ға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығын басшылыққа алып қызметтер көрсетілетін болады.Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциалық емес акционерлік қоғамының  Түркістан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Келес аудандық бөліміне барып өтініш беруіңіз керек.

 

 

 

 

8

Атаулы әлеуметтік көмек

 

2023 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №227 бұйрығы заңды күшіне енді. Бұл бұйрық «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық акт болып табылады. Осы заңға сәйкес кедейшілік деңгейінен табысы аспайтын отбасылар алуға құқылы.

 

 

9

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үйді қалай алуға болады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңына сәйкес, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолары бөлімінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге кезекке» 6-санат бойынша тіркеледі.

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңына сәйкес, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомомбиль жолары бөлімінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге кезекке» төмендегі санаттар бойынша тіркеледі:

1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері болып тіркелгендерге.

2.Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.

 3.Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға.

4.Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына.  (толық емес отбасылар, 1 және 2 мүгедектер, Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, Қандастар, Зейнеткерлер)

5.Мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға.

6.ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар тіркеледі.

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2025