Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 1 ҚАУЛЫСЫ
Абай ауылы 2025 жылғы 21 мамыр
Келес ауданының Алпамыс батыр,
Бірлік және Жүзімдік ауылдық
округтері әкімдерін сайлау жөнінде
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде - Алпамыс батыр сайлау округі Алпамыс батыр ауылдық округі шекарасында құрылсын.
- Келес ауданының Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде - Бірлік сайлау округі Бірлік ауылдық округі шекарасында құрылсын.
- Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде- Жүзімдік сайлау округі Жүзімдік ауылдық округі шекарасында құрылсын.
- Алпамыс батыр, Бірлік және Жүзімдік сайлау округтері, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Келес келбеті» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Отешов
Хатшы М.Мамаев