Келес ауданының Алпамыс батыр, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 2  ҚАУЛЫСЫ

Абай ауылы                                                                 2025 жылғы 21 мамыр

 

Келес ауданының Алпамыс батыр,

Бірлік және Жүзімдік ауылдық

округтері әкімдерінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 29 маусымға Алпамыс батыр, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 22 мамырынан басталсын.
  3. 2025 жылғы 29 маусымға тағайындалған Алпамыс батыр, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Келес келбеті» газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Төраға                                                     Е.Отешов

 

Хатшы                                                     М.Мамаев

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025