Егер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз!
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЕгер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз!Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор)зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және ҚазақстанРеспубликасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тысжерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және еріктізейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдар пайдалана алады.Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар:1. БЖЗҚ-ның кеңсесіне өзіңіз барсаңыз болады;2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өкілі (сенім білдірілген адам) БЖЗҚ кеңсесінеқұжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталықмекенжайына жіберуге болады.БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі,оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыруүлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру"электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетінқұжаттарды алдын ала тексеруге болады.Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттықжүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматыныңжеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының неуәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардыңжарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдіргеншетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақтытұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақтытұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынанайырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсызболса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 күнішінде жүзеге асырады.Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекетқабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотынааударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елдетұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқаадамдарға бере алмайды.БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотынатек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардыңжекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде;сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннантыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойыншаWhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан(Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram,«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Дата публикации
12 мая 2025