мүмкіндігі беріледі ме?
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері нысаналы
талаптардың есептелуі туралы ақпаратты eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы
қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің
қосымшаларынан да тексере алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды
алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау
шоты ашылады.
9) Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға
болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын
қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?
ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан
әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға
уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған,
БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі
қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы
мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және
білім алу бойынша) және "Халық банкі" АҚ (білім алу бойынша) бекітілген.
10) Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында
пайдалана алады ма?
Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты
түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат есептеледі. Ақша АҚШ
долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.
Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына
автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты
түрде аударылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы
шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылатын болады.