Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
2023 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ға барлық балалар үшін алғашқы
нысаналы талаптар есептелді. Сондай-ақ, 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың
нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептеліп,
төлемдер жүзеге асырыла бастады.
kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның
шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын
сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға»
бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-
қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында
https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.