БАҚ-пен байланыс: press@enpf.kz
Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
474 респондент (49,13%) өз білім деңгейлерін көрсетті, мемлекеттің зейнетақы жарналарының
сақталу кепілдігі зейнетақы жарналарының міндетті түрлеріне ғана қолданылады.
Сенім деңгейі.
Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне
деген сенім деңгейінің орташа көрсеткіші 5,92 балл деңгейінде қалыптасты, бұл өткен жылғы
көрсеткіштен (5,80 балл) асып түсті.
Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде зейнетақы жүйесіне
Солтүстік Қазақстан (7,70 балл), Ақмола (6,75 балл), Қарағанды (6,69 балл) және Батыс Қазақстан
(6,59 балл) облыстарының респонденттері барынша сенім білдірді.
Респонденттердің БЖЗҚ-ға деген орташа сенім деңгейін анықтауға бағытталған
сауалнама БЖЗҚ-ға деген орташа сенім деңгейі 6,04 балл екенін көрсетті, бұл да өткен жылғы
көрсеткіштен (5,80 балл) жоғары.
Жалпы, халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей,
халықтың көп бөлігі зейнетақымен қамсыздандыру саласында базалық білімге ие. Зерттеу
нәтижелерін назарға ала отырып, БЖЗҚ халықтың Қорға және тұтастай зейнетақы жүйесіне деген
сенімін одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-
түсіндіру жұмысын одан әрі жалғастырады. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша есептің
толық мәтіні БЖЗҚ сайтында жарияланған.