Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының
жалпы саны - 17,07 млн. бірлік (жыл басынан бергі өсім - 4,74 млн бірлік немесе 38,5%, бір
жылдағы өсім – 38,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024
жылдың 1 желтоқсанына 12,48 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,14 млн - МЗЖ бойынша,
711,35 мың - МКЗЖ бойынша, 436,47 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ
туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,58 млн бірліктен асты.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері
бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.