Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
Жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру
туралы шешім қабылдаған салымшы, ең алдымен, БЖЗҚ-ға өтініш жолдауы қажет.
Оны Қор сайтындағы Жеке кабинет немесе ең жақын жерде орналасқан кез-келген
бөлімшеге барып, беруге болады.
Барлық қажетті ақпарат www.enpf.kz сайтындағы Зейнетақы жинақтарының
бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару бөлімінде, сондай-ақ, БЖЗҚ/ЕНПФ
Youtube-арнасындағы https://www.youtube.com/watch?v=9EbYNGd0NXI сілтемесі
бойынша бейненұсқаулықта берілген.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға аударғаннан кейін де
олардың есебін жүргізуді жалғастыра береді. Әрбір салымшы жеке зейнетақы
шотынан алынатын үзінді көшірмеден ИПБ-ның оған қанша кіріс кіргізгені туралы
ақпаратты көре алады. Алайда инвестициялық қызметтің нәтижелерін ұзақ
мерзімдік кезең ішінде бағалауға кеңес береміз. Әлеуметтік Кодексте жинақтарды
бір ИПБ-дан екіншісіне немесе ҚР ҰБ-тың басқаруына жылына тек бір рет қана
аударуға болатындығы айқындалған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару кезінде есте сақталуы қажет маңызды
жәйт: зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы жинақтар бойынша беріледі.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған жағдайда, мемлекеттің кепілдігі
басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Ол активтер кірістілігінің ең
төменгі деңгейінен кем болмайтын мөлшердегі кіріспен қамтамасыз етуі керек. Бұл
деңгей зейнетақы активтерін басқару нарығында жұмыс істейтін барлық ИПБ
басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде
есептеледі.
Салымшылар зейнетақы жүйесінің барлық мәселелері бойынша ақыл-кеңесті
БЖЗҚ филиалдарына келіп немесе онлайн режимінде: enpf.kz сайты, түрлі
мессенджерлер мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ, "Ашық есік күні" бірегей іс-
шарасы арқылы ала алады.