Зейнетақы жинақтарыңызды хабарландыру таратқыш делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларындаазаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақыжинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстартаратылуда."БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына ЕСКЕРТЕДІ: зейнетақы жинақтарыналу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғанамүмкін. Ең алдымен, бұл зейнет жасына толу, 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік, шет елгетұрақты тұруға кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуғажәне/немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда, төмендегіазаматтардың санаты пайдалана алады: ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-данасатын сома шегінде); зейнетақысы жоғалған табыстың (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40%құрайтын зейнеткерлер - олар шотта қалған жинақтарының 50% дейін пайдаланаалады; еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100% дейінпайдалана алады); зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100% дейінпайдалана алады).Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілеттіоператорлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы мүмкін болады. Тиісінше, делдалдыққызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қанақоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздіңсақталуына да қауіп төндіресіз.БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресмикөздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаңкеңес береді.Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де,қашықтықтан да:enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегінбайланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқтытанымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексереаласыз.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММарқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарудыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндеттізейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақыжарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Дата публикации
12 февраля 2025