«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» Келес ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 03 шілдедегі №197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №197 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5124 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жанбырбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Келес ауданының әкімі

 

А. Есбаев

 

Дата публикации
12 октября 2020