Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 10 қарашада өткен Келес ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 10 қарашада Келес ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін тіркеді – Байдуллаев Талгат Аманкелдиевич, 1973 жылы туған, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі лауазымын атқарған, Түркістан облысы Келес ауданы Ащыкөл ауылының тұрғыны.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы