Келес аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Келес ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ошақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7830 азамат енгізілді, олардың 5176 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 58, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар-66.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Карынбаев Е.Н. – 394; Мырзамуратов М.К. – 4658;
Ошақты ауылдық округінің әкімі болып Мырзамуратов Максат Кулахметович сайланды, 1991 жылы туған, Абай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы