Келес аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Келес ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1610 азамат енгізілді, олардың 1243 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 28, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар-0.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байдуллаев Т.А. – 1070; Умирбаев Н.А. – 145;
Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Байдуллаев Талгат Аманкелдиевич сайланды, 1973 жылы туған, Ащыкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы