2024 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кіріс зейнетақы жарналарының көлемінен асып, 1,92 трлн теңгеге жетті

2024 жылдың 8 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен1,92 трлн
теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол883,05 млрдтеңге немесе85,3%
артық.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
(МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға1,91 трлн
теңге мөлшеріндекіріс түсіп, 1,78 трлн теңге болатын жарналар көлемінен асты.
Тек2024жылданбастапаударылабастағанжұмысберушініңміндеттізейнетақы
жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 8,5 млрд теңге болды. Жарналардың бұл
түрінен қалыптасқан жинақ көлемі - 140,2 млрд теңге.
2024 жылдың 8 айында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік
зейнетақыжарналары(МКЗЖ),еріктізейнетақыжарналары(ЕЗЖ)есебіненқалыптасқан
зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 5,3% болған кезде 10,34% көрсетті.
2024жылғы1қыркүйектегіжағдайбойыншаБЖЗҚ-ныңжұмысберушініңміндетті
зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі –
8,52%.
Қордың зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігін қарастырсақ,2024 жылғы 1
қыркүйектегі жағдай бойынша инфляция 8,40% құрағанда ол 13,79% болды.
Инвестициялықкірісқаржықұралдары(бағалықағаздар,салымдаржәнебасқа
операциялар)бойыншасыйақытүріндегікірістерден,қаржықұралдарыннарықтықжәне
валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б.
тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық
портфельдіүнеміәртараптандырыпотырады.Яғни,зейнетақыактивтерітүрліқаржы
құралдарына, валюталарға инвестицияланып, нарықтағы жағдайға қарай үнемі қайта бөлініп
орналастырылады. Қордың enpf.kz сайтына ай сайын орналастырылатын ҚР Ұлттық Банкінің
инвестициялық қызметіне жасалғаншолуда, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша кірістер
құралдардың барлық түрлері бойынша алынғандығы көрсетілген.
Ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кірістілік те инфляциядан асып түсті.
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2024 жылғы 1 қыркүйекке
өспеліқорытындыменжинақталғанкірістілікбүкілкезеңдегіинфляция799,59%болғанда,
911,20% көрсетті.
Естеріңізгесалакетейік,Қазақстандаинфляциядеңгейінескереотырып,міндетті
зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде
салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі
кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық:
әрбір салымшыныңenpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің
инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы
құралдарытуралыақпаратҚордың(www.enpf.kz)ресмисайтындағы
«Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ-пен байланысpress@enpf.kz
Ресмисайтwww.enpf.kz
Facebook, Instagram:enpf.kz
Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі
сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарынБЖЗҚ ЕНПФ
YouTube-арнасынан көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері –
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы
ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі.БЖЗҚзейнетақыактивтерінсенімгерлікпенбасқарудыҚазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы
жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,
ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылғандепозиттергеміндеттікепілдікберутуралы"ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкес
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік
берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып,
оныңесебінжүргізеді,зейнетақытөлемдерінжүзегеасырудықамтамасызетеді.Сондай-ақҚорнысаналы
активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ)
есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға"
бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке
алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Дата публикации
28 октября 2024