Бұрынхабарлағанымыздай, 2024 жылдың қыркүйек айының басындаБЖЗҚ» АҚКорея
Республикасы Ұлттық зейнетақы қызметінің(әрі қарай -NPS)зейнетақы операцияларының
атқарушы директоры Тэ Гю Джонг бастаған делегациясынқабылдады
Сіздердің назарларыңызғаОңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі туралы әріптестеріміз
бөліскеннегізгі ақпараттарды ұсынамыз.
Тарихтан сыр тартсақ
Зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты ұлттық бағдарламалар Кореяда 1988 жылы
енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. NPSҰлттық зейнетақы операторы. Олжасына,
мүгедектіккеасыраушысынанайырылуғабайланыстызейнетақыбіржолғызейнетақы
төлемдерін жүзеге асырады. Міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МЗЖ) жинаудыда
NPS жалпы 9%мөлшерлемебойынша (қызметкер/жұмыс беруші 4,5%мөлшерінде теңдей)
жүзеге асырады.Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар 9%мөлшеріндегіжарналардыөздері
төлейді. МЗЖ мөлшерлемесі біртіндеп өсті: 1988 жылы 3%-данбасталып, 1993-1997 жылдар
аралығында 6%1998 жылы 9% - ға дейінкөтерілді. Болжам бойынша, зейнетақы жүйесін
оңтайландыруға қатысты жоспарланған шараларды ескере отырып, ол 13%-ке дейін өседі.
Оңтүстік Кореяда зейнетақымен қамсыздандыру саласында 2 реформа жүргізілді:
- 1999 жылғы бірінші реформа (кірісті алмастыру коэффициенті (бұдан әрі – КАК) 60% -
ға дейін төмендетілді, зейнет жасы кезең-кезеңімен 60-тан 65 жасқа дейін артады),
- 2008 жылғы екінші реформа (2028 жылға қарай КАК-ты кезең-кезеңімен 40%-ға дейін
төмендету көзделуде).
Зейнетақы жүйесінің құрылымы
Корея Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне екі мемлекеттік орган
жауап береді: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, Жұмыспен қамту
жәнееңбекминистрлігіОңтүстікКореяныңәлеуметтікқамсыздандыружүйесімына
бағыттарды қамтиды.
Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі көп деңгейлі, оған мыналар кіреді:
- 64 жастан асқан ел азаматтарының шамамен 70% алатын мемлекет есебінен берілетін базалық
зейнетақы,
- ұлттық зейнетақымен қамсыздандыру (Ұлттық зейнетақы Кореяның зейнетақы жүйесіне 10
жылдан астам уақыт қатысқан адамдарға ай сайынғы негізде, өмір бойы жүзеге асырылады.
Мемлекет қамтамасыз ететін, үлестіру түріндегі жүйе болып табылады (DB-белгіленген
төлемдермен),
- жасына байланысты зейнетақы (алынатын табысқа байланысты корпоративтік зейнетақы),
- жеке жинақ негізіндегі жеке зейнетақы.
Азаматтардың жекелеген санаттары (мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер
және мұғалімдер) үшін берілетін арнайы кәсіптік зейнетақы бар.
Жетістіктері
Кореяның Ұлттық зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша әлемдегі ең
ірі үш қордың қатарына кіреді (зейнетақы активтерінің көлемі - 807 млрд АҚШ долларына тең,
сарапшылардың болжамы бойынша оның көлемі 2041 жылы 1,4 трлн АҚШ долларына жетеді).
1988 жылдан бастап халықты зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі айтарлықтай өсті. 2023
жылдың соңында міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) 21,2 млн адам, ерікті зейнетақы
жарналарын (ЕЗЖ) – 325,4 мыңнан астам адам аударды. Салыстыру үшін 1988 жылы тек 4,4
миллион салымшы болған. Төлем алушылар саны 8 есеге өсті: 1993 жылғы 600 мыңнан 2023
жылдың аяғында 7,6 миллион адамға дейін.
Сандық қызметтер
NPS цифрлық байланыссыз қызметтерді (чат-бот, мобильді кеңсе, мобильді анықтама
қызметі, ұялы қосымша), қашықтан жұмыс істеу жүйесін (ішкі және сыртқы пайдаланушыларды
виртуалдандыру) белсенді түрде дамытып, басқа да техникалық жаңалықтарды енгізуде. 2018-
2024 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар жүйесінің төртінші буыны орнатылуда,
яғни қазіргі уақытта NPS зейнетақы қызметтерін жасанды интеллект көмегімен көрсетуге
мүмкіндік беретін ақпараттық платформаны енгізу сатысында тұр.
Жасанды интеллекттің көмегімен құрылған NPS "виртуалды қызметкері" БЖЗҚ-дағы
әріптестеріне орыс тілінде кеңес берді. NPS виртуалды кеңесшісі пайдаланушылардың
қажеттіліктеріне сәйкес 10 немесе одан да көп тілде ақпарат пен ұсыныстар бере алады. NPS
өкілдерінің пікірінше, виртуалды кеңесшілердің көмегімен еңбек өнімділігі мен қызмет көрсету
сапасы айтарлықтай жақсарып, операциялар оңтайландырылады және салымшылар көбірек
тартылады. NPS-тен келген әріптестеріміздің айтуынша, жасанды интеллект нарықты
шабуылдай жаулап, салымшыларға қызмет көрсетудің болашағын қалыптастыруда. Сондықтан
осындай инновациялық шешімдерді қабылдауға және олармен егжей-тегжейлі танысуға дайын
болу маңызды.
Мәселелер мен олардың шешімдері
Корея Республикасының зейнетақы жүйесінің дамығандығына қарамастан, бірқатар
мәселелер де бар:
- өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты егде жастағы адамдар үлесінің өсуі (2018 жылы
65 жастан асқан адамдар халықтың жалпы көлемінің 14% құрап, сарапшылардың болжамы
бойынша 2051 жылы бұл үлес жалпы көлемнің 40% жетеді),
- туудың төмен деңгейі (туудың жиынтық коэффициенті 2023 жылғы 0,8% - дан ағымдағы жылы