КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ №24
Абай ауылы 02 қазан 2024 жыл
Келес ауданының Жамбыл және
Ошақты ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауынтағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл және Ошақты ауылдық округтері әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуынабайланысты, Жамбыл және Ошақты ауылдық округтері әкімдерініңсайлауын2024 жылғы 10қарашаға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 10 қарашаға тағайындалған Жамбыл және Ошақты ауылдық округтері әкімдерініңсайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Келес аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Отешов
Келес аудандық аумақтық
сайлау комиссиясыныңхатшысы М.Мамаев