«Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі КОНКУРСжариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурс 2020 жылы 18қараша сағат 16-00 деҚазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі №2«Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының екінші қабатының мәжіліс залында өткізіледі.
Өтінімдер беру мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін басталады және 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылы 13қараша сағат 16-00 ге дейін Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі №2 «Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 1 қабат, № 6 бөлмесінде (кабинет) «Қазығұрт ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.