Хабар
2024 жылғы 17 наурызда Келес ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Келес аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Келес ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қошқарата ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 10113 азамат енгізілді, олардың 3334-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6880, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар-31.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Еркинбекова К.М. – 350; Кутушев М.С. – 549; Нұрмахан Е.Қ. – 2140; Омаров А.Т. – 23.
Қошқарата ауылдық округінің әкімі болып Нұрмахан Ерлан Қалмаханұлы сайланды, 1993 жылы туған, Бесқұбыр ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы