«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, соның ішінде әйелдер төмендегідей жасқа толғанда:
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 58,5 жас;
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап– 59 жас;
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5 жас;
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60 жас;
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 63 жас.
Биылғы жылдың 2 тамызында Сіздің анаңыздың 59 жасқа енді ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу құқығы ол кісіге тек 2021 жылы 60 жасқа толғанда ғана берілетінін хабарлаймыз.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін), мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар жинағымен «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне хабарласу керек.
Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес өтініште көрсетілген банк шотына бір күнде аударылады.