«БЖЗҚ» АҚ-ның өңірлік желісіндегі өзгерістер

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы атауының «БЖЗҚ» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы» болып өзгертілгенін, орналасқан жерінің Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би көшесі, 45 мекенжайы бойынша өзгертілмей ауыстырылғаны туралы хабарлайды.   

Сонымен қатар Ерубаев көшесі, 215 «А» мекенжайы бойынша орналасқан Түркістан қ. қызмет көрсету орталығының «БЖЗҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы болып қайта құрылғаны туралы мәлімдейміз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ-ның өңірлік желісіндегі өзгерістер
Дата публикации
25 августа 2020