Түркістан облысының кадрлық комиссиясы Түркістан облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Хабарландыру

 

Түркістан облысының кадрлық комиссиясы Түркістан облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан асапаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

 

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы
1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz)

кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Жаңа қала, Департаменттер үйі А немес В блогы, 2-қабат,
295 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram-elgeqyzmet.turkistan, facebook-Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті)  және келесі телефондар арқылы: 872533 5-94-73, 5-97-21 алуға болады.

Дата публикации
08 февраля 2024