КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ №113 ШЕШІМІ

Абай ауылы                                                                                 18 қазан 2023 жыл

 

Келес ауданындағы Бірлесу және Біртілек

ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауларын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Бірлесу және Біртілек ауылдық округі әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттіліктері мерзімінің аяқталуына байланысты Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Бірлесу және  Біртілек  ауылдық  округтерінің  әкімдеріні  сайлау            

2023 жылғы 26 қарашаға тағайындалсын.

 

  1. Бірлесу және Біртілек ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 19 қазаннан басталсын.

 

  1. Қоса беріліп отырған Бірлесу және Біртілек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Сайлау болатын күн туралы хабар жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Мамаевқа жүктелсін.

 

Келес аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                               Ж.Альсеитов

 

Келес аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                Е.Келесбай

Дата публикации
24 октября 2023