Абай ауылы 18 қазан 2023 жыл
Келес ауданының Бірлесу және Біртілек
ауылдық округтері әкімдерін сайлау
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Келес ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі
сайлау округтері құрылсын:
- Бірлесу ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасының құрамына №353, №354 сайлау учаскелері кіретін Бірлесу ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде Бірлесу сайлау округі;
- Біртілек ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасының құрамына №331, №332, №333, №334, №335, №336, №337, №338 сайлау учаскелері кіретін Біртілек ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде Біртілек сайлау округі;
- Сайлау округтерінің шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы хабар жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Мамаевқа жүктелсін.
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Альсеитов
Келес аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Келесбай