Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,18 гектар жер учаскесіне «Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан Республикасының шекарасынан - Өзбекстан Республикасының шекарасына өту» талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан қырық тоғыз (49) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
- «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.