Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Түркістан облысы  Келес ауданы әкiмдiгiнiң

Қ А У Л Ы С Ы

 

«_27_»_қыркүйек 2023 жыл                                                               №203_

 

Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №230-14/01-09/1547 хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата, 1 мамыр елді мекендерінің, Жамбыл ауылдық округі Байғабыл елді мекенінің және Ошақты ауылдық округі Қаратал, Ынталы, Береке елді мекендерінің жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында осы қаулының қосымшасында көрсетілген жалпы алаңы 1880,0 гектар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерінің иелеріне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8б үй ғимаратта орналасқан «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісім рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдіру ұсынылсын.
  3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілсін.
  4. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскесін басқа жерге ауыстыру бойынша қажетті шараларды және осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
  5. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсiн.

 

Аудан әкiмi                                                       Ж.Агибаев

 

Аудан әкімдігінің

«27»  09 2023 жылғы № 203 қаулысына қосымша

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің

ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

 

Р/с

Аты-жөні (атауы)

Жер учаскенің орналасқан жері

Жер учаскесінің алаңы га.

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскенің нысаналы мақсаты

1

«Сері-Еркін» ЖШС

Қошқарата ауылдық округі

430,0

19-326-072-101

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

2

Апсиков Нурлан Сейтжапбарович

Ошақты ауылдық округі

450,0

 

19-326-005-322

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

3

Сейтбеков Куаныш Асанбекович

Ошақты ауылдық округі

500,0

 

19-326-045-004

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

4

Бектуре Фарида Айнабекқызы

Жамбыл ауылдық округі

250,0

19-296-214-145

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

5

Бектуреев Айнабек

Жамбыл ауылдық округі

250,0

19-296-214-144

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2023