ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалардың МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда ғана зейнет жасына толғанға дейін алуға құқығы бар екендігі көзделген. Бұл ретте ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік тобы мен оның мерзіміне қарамастан алуға болатынын атап өтеміз.
Барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыру тәсіліне байланысты БЖЗҚ-ның enpf.kz корпоративтік веб-сайтындағы "Қызметтер" – "Алушыларға" бөлімінде орналастырылған:.