Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 275 қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 460 "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі
|
А.Есбаев
|
|
|
Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 275 қаулысына қосымша
|
| |
|
|
Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
- Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 206 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5136 болып тіркелген):
2 тармақ алынып тасталсын.
- Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 299 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5208 болып тіркелген):
2 тармақ алынып тасталсын.
- Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 144 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5673 болып тіркелген):
3 тармақ алынып тасталсын.
- Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 159 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысында (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5729 болып тіркелген):
3 тармақ алынып тасталсын.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК